Кайнардың жаңа аккумуляторларымен сәттілікті ұста!
03.02.2025

Құрметті сатып алушылар, «Voltman» аккумулятор орталықтары желісі үлкен әрі қызықты «Сәттілік аккумуляторы» акциясының басталғанын хабарлауға қуанышты! Автокөлігіңіздің аккумуляторын жаңартып қана қоймай, Қазақстандағы стартерлік аккумуляторлардың жетекші өндірушісі «Кайнар-АКБ» ЖШС-нен құнды жүлделер ұтып алатын кез келді.
Қатысу шарттары:
1. Акция өтетін 2025 жылдың 3 ақпаны мен 3 наурызы аралығында «Кайнар-АКБ» өндірген «Bars», «Kainar», «Nomad», «Вожак» тауар белгілеріндегі кез келген аккумуляторды сатып алыңыз.
2. Чек пен аккумуляторды https://kainarpromo.kz/ сайтында немесе акцияның @kainarpromobot телеграм-ботында тіркеңіз.
3. Ұтып алуға мүмкіндік алыңыз:
- Бас жүлде: 1 000 000 теңге!
- Апталық жүлделер: 100 ақшалай жүлденің бірі — 50 000 теңгеден 25 жүлде, 25 000 теңгеден 75 жүлде.
- Жеңімпаздар тізімі сайттың «Жеңімпаздар» бөлімінде жарияланады.
Акцияға қалай қатысуға болады:
Акцияға қатысушы болып, жүлде ұтып алу мүмкіндігін алу үшін мына шарттарды орындау қажет:
1. «Кайнар-АКБ» ЖШС өндірген «Bars», «Kainar», «Nomad» немесе «Вожак» тауар белгілеріндегі кез келген аккумуляторды сатып алу;
2. @kainarpromobot телеграм-ботында тіркелу;
3. Сатып алуды @kainarpromobot телеграм-ботында тіркеу.
Маңызды! Кайнар аккумуляторларын неғұрлым көп сатып алсаңыз, ұтып алу мүмкіндігіңіз соғұрлым жоғары!
Жүлделерді ұтыс ойыны:
Жүлделер ұтыс ойыны 2025 жылғы «14» ақпан мен «7» наурыз аралығында (қоса алғанда) апта сайын өткізіледі.
Акция жүлделерін тапсыру кезеңі: 2025 жылғы «20» ақпан мен «20» наурыз аралығы (қоса алғанда).
Жеңімпаздар барлық тіркелген қатысушылар арасынан кездейсоқ түрде анықталады.
Қосымша шарттар:
- Акцияның толық ережелерімен мына сілтеме бойынша таныса аласыз: https://kainarpromo.kz/public/upload/Rules_Promo_Kainar_final_rus.pdf
- Ұтыс ойынына акция ұйымдастырушысымен үлестес тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ немесе Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ тұлғалар жіберілмейді.
- Акция ұйымдастырушысы акция ережелеріне өзгеріс енгізу құқығын өзінде қалдырады.
- Жүлделер саны шектеулі.
Ұтып алу мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз! «Кайнар-АКБ» аккумуляторларын сатып алыңыз және «Сәттілік аккумуляторы» акциясының қатысушысы болыңыз!
Тағы оқыңыз

Көлікке аккумуляторды қалай таңдау керек: бәрін шешетін бес параметр
Сыйымдылық, іске қосу тогы, полярлық, габариттер және корпус түрі — осы бесеуі сәйкес келсе, батарея орнына тұрады және өз мерзімін толық жұмыс істейді. Ретімен
Оқу →
Бүкіл Voltman желісі бойынша бірыңғай кепілдік
Диагностика, сервис және ауыстырмалы аккумулятор — бүкіл кепілдік мерзімінде тегін, кепілдік талонын желінің кез келген дүкені қабылдайды.
Оқу →
Аккумулятордың құрылысы, EFB және AGM технологиялары, істен шығу себептері
Стартерлік батарея қалай жұмыс істейді, EFB-нің AGM-нен айырмашылығы неде және аккумуляторды көбіне не бүлдіреді.
Оқу →